Для вдохновения

«Егер сізге кітап оқыған ұнамаса, демек, сіз әлі қажетті кітапты таппағансыз» - Джоан Роулинг.

«Егер сізге кітап оқыған ұнамаса, демек, сіз әлі қажетті кітапты таппағансыз» - Джоан Роулинг.

Қазіргі уақытта санаулы жастар ғана кітапты сүйсініп оқиды және мұның әртүрлі себептері бар. Біреулер көрнекі ақпарат толып тұрған бүгінгі заманда кітап оқу - көп уақыт пен жігерді талап ететін пайдасыз нәрсе деп санайды. Екіншілеріне, бәлкім, мектеп бағдарламасындағы қызықсыз кітаптарды қалай сүйсініп оқуға болатынын елестету қиын шығар... :). Оның үстіне кей балалар ата-аналары кітап оқуға тиісті дәрежеде көңіл бөлмейтін отбасында өседі. Дегенмен, кітап оқудың көптеген талассыз жағымды жақтары бар, мәселен, кітап оқу жаңа білім алуға, жеке тәуелсіздікке жетуге, ой-өрісті кеңейтіп, әлемге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Мұнда біз балаңыздың кітапты сүйсіне оқуына көмектесетін бірнеше тәсілді келтірдік.
Балаңызға кітапты өзінің қызығушылына сай таңдауын ұсынып көріңіз. Таңдау ұсыну балаларға кітап оқу – қызықты да пайдалы іс екенін ұғынуына көмектесуі мүмкін. Балалық шағыңыздан есте қалған кітаптарды ұсынудың керегі жоқ :), ал күніне бәленше бет оқисың деу мүлде дұрыс емес.... Және заманауи кітаптарға қатысты алаңдамаңыз, шын мәнінде қазіргі кезде әдеби тұрғыдан көптеген жақсы кітаптар жарыққа шықты. Балаңызды шығармашылық ойлауға баулыңыз. Мысалы, кітапты рөл бойынша және әртүрлі дауыспен оқу балаңыздың үлкен қызығушылықпен оқуына себін тигізеді; балаңызды оқыған нәрсенің суретін салуға ынталандыруыңызға болады; оқиға қалай аяқталуы мүмкін екені жайлы ойлануға баулыңыз, және де балаларыңызды қуантатын басқа да әдістерді пайдаланыңыз.

Және, ең дұрыс жолы: өзіңіз оқыңыз, балаларыңызға үлгі болыңыз. Балаларыңыз сіздің жақсы кітапты сүйсіне оқығаныңызды көріп, өздері де кітапты сүйсіне оқи бастайды.
Кітап оқуды балаға да, өзіңізге де одан да тартымды ететін көптеген басқа да амалдар бар. Мысалы, кітап оқу клубына тіркеліңіз, достарыңызбен бірге кейіннен сол кітапты талқылау үшін кітап оқыңыз, бұл кітап оқуға, уақытты жақсы өткізуге деген қосымша жағымды түрткі бола алады. Поэзияны оқып көріңіз, ол прозаға қарағанда басқаша қабылданады және көптеген адамдарға ұнайды. Сүйікті жанрыңыз болған күнде де, өзіңізге жаңа әдеби бағыттарды ашып тұрыңыз.

Және, әрине, кітаппен ғана шектелмеңіз :))

Ағылшын әдебиетшісі Оуэн Мередит бір кездері: «Кітапты меңгеріңіз, бірақ оған өзіңізді меңгертпеңіз. Өмір сүру үшін оқыңыз, оқу үшін өмір сүрмеңіз» - деген екен.
Для чтения