Для вдохновения

Теледидар: көруге болады ма әлде болмайды ма?

Теледидар: көруге болады ма әлде болмайды ма?

Қазіргі мәселе... Теледидар балаға қалай әсер етеді? Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, «Теледидар балаға қалай әсер етеді?» деген сауалдың жауабын ойланып көріңізші.

Теледидар білім алудың пайдасын азайтады:

Өзіңіз білетіндей немесе болжағандай, телехабарларды үздіксіз көру балалардың білім алу пайдасын азайтып, олардың ақыл-ой қабілеттерінің дамуы, өзгелермен қарым-қатынас жасауы және ойындарға тікелей қатысуына пайдалануға болатын уақыттарын алатындығын дәлелдейтін көптеген зерттеулер жүргізілген. Балалар далада аз серуендейді, ал мұның өзі шамадан тыс салмақ қосуға және іс-әрекеттің басқа түрлеріне аз қатысуға әкеледі.

Көптеген дағдылар (тілді меңгеру, шығармашылық, іс-қимыл дағдылары мен қарым-қатынас дағдылары) баланың екі жасына дейінгі кезеңде дамиды, ал егер ол ерте жасынан-ақ уақытын телехабарлар көрумен өткізетін болса, онда осы аталған салалардағы дағдылар тежеледі. Мәні жағынан, бұл тежелу баланың кейінгі жылдарда білім алуына қатты әсер етеді. Бұл дегеніміз – құрдастарымен жүгіріп қуыспақ ойнаған кезде әжептәуір деңгейде артта қалатын балалар. Көбіне олар өздерінің мектептегі сыныптастарынан кейін қалып жатады. Нәтижесінде, көп балалар осы үшін мектепті жек көреді. Кейде олардың көпшілігі сәтсіздікке ұшырап та жатады.

Кітап оқу айтарлықтай пайда әкеледі:

Егер дәлірек айтсақ, зерттеулер телехабарлар көру - кітап оқу мен оқу дағдыларын жетілдіруге жұмсалатын уақыттың қысқаратындығын көрсетіп отыр. Біздің көпшілігіміз, бір нәрсені үйрену үшін, оны қайта-қайта қайталап, көп уақыт жұмсау қажеттілігі жайлы білеміз. Яғни, егер сіз кітап оқып үйренгіңіз келсе, көп оқуыңыз керек. Кітапты қайта-қайта оқып, көп уақытыңызды жұмсауға тиістісіз.

Кітап оқу шексіз артықшылыққа ие. Кітап оқу арқылы сіз көптеген ақпаратты білесіз. Сегіз айлық сәбилердің қатысуымен қызықты зерттеу жүргізілген. Олардың жартысына кітап оқылып, жартысына оқылмаған. Кітап оқып берген топта, кітап оқып берілмеген топқа қарағанда, енжар сөздік қорға ие болғандар (тыңдаған сөзді түсіну мүмкіндігі) төрт есе көп болған. Егер сіз балаңызға ерте жастан бастап, немесе онымен бірге кітапты көп оқымасаңыз, осы бір елеулі артықшылықтарды жіберіп аларыңыз сөзсіз.

image


Кітап оқудың тағы да бір пайдасы, ол сіз бен Балаңыздың араларыңыздағы байланысты нығайтады, кітап оқуға деген жақсы қатынас орнатады, баланың коммуникативтік дағдылары артады, зейінді ұзақ уақыт бойы шоғырландыру дағдысы дамиды, тыңдай білу және қиялдау шеберлігі қалыптасады, IQ артады, ойлау қабілеті (себеп-салдардық байланыс, логикалық ойлау, проблемаларды шешу және т.с.) ынталандырылады. Егер сіз кітап оқитын болсаңыз, оқуға деген дағдының пайда болу ықтималдығы жоғары, ал бұл болса, бүкіл өмір бойы кітап оқу мен жағымды уақыт оздыруға деген сүйіспеншілікті тудырады. Егер мұның орнына теледидар қарауға деген дағды пайда болатын болса, онда мұның өзі бүкіл өмір бойы уақыт өткізудің тәсіліне айналмақ, ал кітап оқудың кереметі, солай ашылмаған күйінде қала бермек. Оны жоғалды деп есептеуге болады.

Бұдан басқа, кітап оқу өзін-өзі ұстай білуге үйретеді, өйткені сіз телехабарларды жүйелі қарағанша, кітаптарды жүйелі таңдауға бейімсіз. Кітапты өзіңізбен бірге ала кетуге және барлық жерде дерлік оқуға болады! Көбіне кітап жаңа ақпарат көмегімен сіздің өміріңізді өзгерте алады. Кітап онша қымбат та емес. Оларды кітапханадан алуға болады немесе досыңмен айырбастап оқуға, базардан немесе букинистік дүкеннен сатып алуға болады. Кітап – мерекеге сыйлауға болатын тамаша сыйлық. Оларды онлайн немесе кітап дүкенінен сатып алуға болады.

Мұнымен кім дауласа алады?
Теледидар соншалықты жаман емес қой?

Кейбір сарапшылар теледидар соншалықты жаман емес, бірақ телехабарлары іріктелмелі болуы тиіс, ал ата-аналар/тәрбиешілер балаға қарайтын бағдарламаларды таңдауға көмектесуі керек (баланың өзі пультпен сыртылдатып, барлығын көре бермей) деп те санайды. Ойын-сауық ғана емес, сондай-ақ теледидардан көрсетілген хабарды түсіндіру және талқылау үшін, арнайы оқу, ақпарат алу және әсерлену үшін жасалған хабарларды да таңдау керек. Сондай-ақ теледидарды мектепте оқытылатын материалға қосымша ретінде немесе тіпті баланың бір нәрсеге деген қызығушылығын нығайту үшін де пайдалануға болады. Ол баланы жаңа дағдылармен немесе идеялармен таныстыра алады. Бала өзі мектепте өтіп жатқан нәрсені немесе өзіне қызықты, мүлдем жаңа нәрсені көзбен көрген жағдайда, бұл бұдан кейінгі қызығушылықты қолдауға, алынған білімді нығайтуға және оның өміріндегі бір нәрсеге жаңа түсінік беруге көмектеседі. Мұндайда, телехабарлар көру барысы басқарыла отырып, көретін болса, онда ол баланың түсінігі мен білімінің тереңдігіне немесе айналысатын ісіне өз үлесін қосады. Ол жаңа идеялардың туындауына көмектеседі.

Қазіргі мәселелер…

Ендеше, «Теледидар: көруге болады ма әлде болмайды ма?» деген емес, «Теледидар: не, кіммен және қашан көру керек?» деген нағыз мәселе болып отыр. Және де екінші нағыз мәселе – «Кітап оқу: артықшылықтары соншалықты көп, басқаларының бойында кітап оқуға деген қызығушылықты ояту үшін не істеймін?».

Уақытыңыздың бірнеше минутын бөліп, осы сауалдарға өзіңіздің қалай жауап беретіндігіңіз жайлы ойланыңызшы...
Для чтения