Для вдохновения

Жуырда 14 ақпан – Бүкіл ғашықтар күні!

Жуырда 14 ақпан – Бүкіл ғашықтар күні!

Бірақ 14 ақпан күні Ғашықтар күнінен бөлек, Әлемде ерекше акция – «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП СЫЙЛАУ КҮНІ» өтеді.

Оның мақсаты қарапайым әрі ізгілікті – БАЛАҒА ЖАҚСЫ КІТАП СЫЙЛАУ!
Осындай керемет әрекетке басқа адамдарды ұйымдастырып, шабыттандыра алсаңыздар, онда мұндай күннің зая кетпегені.

Халықаралық кітап сыйлау күнін мерекелеудің бірнеше қарапайым тәсілдері бар:

1. Халықаралық кітап сыйлау күнін балаңызға балалар кітабын сыйлау арқылы мерекелеңіз. Осы керемет мейрамның негізгі мақсаты – балаларды оқуға деген сүйіспеншілікке үйрету.

2. Өзіңіздің кітаптарыңызды балалар үйіне, балалар емханаларына, мектепке немесе аудандық кітапханаға сыйлаңыз, немесе кітаптарыңызды халықаралық деңгейде балаларға арналған кітаптарды таратумен жұмыс істейтін қандайда бір қайырымдылық ұйымына беріңіз.
Студенттер, жастар, сіздер сауаттылықты дамытумен айналысатын қайырымдылық ұйымдары үшін кітап немесе қаражат жинауды ұйымдастыра аласыздар. Немесе Бүкіл ғашықтар күні кітап айырбастау науқанын ұйымдастырыңыз.

3. Блогерлер, кітапханашылар, кітап дүкендерінің иелері, бірлестік жетекшілері – осы туралы пост жазып немесе Халықаралық кітап сыйлау күнінің эмблемасын веб-сайтыңызда немесе әлеуметтік желідегі бетте орналастыру арқылы оқырмандар назарын Халықаралық кітап сыйлау күнін мерекелеуге, ОСЫНДАЙ КЕРЕМЕТ КҮННІҢ МАҚСАТТАРЫНА аудартыңыз.
Халықаралық кітап сыйлау күні туралы пост сілтемесін акцияның ресми сайтына (http://bookgivingday.com/) жіберуіңізге болады, ұйымдастырушылар онымен міндетті түрде бүкіл әлеммен бөліседі!

Сәттілік пен табыс тілейміз!
Құрметпен,
iKitapДҮКЕНІ ұжымы

image
Новости iKitapДYКЕНІ